Қазақстан таэквондодан әлем чемпионатында алтыннан алға тағынды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Айым Серікбаева Ташкентте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Қазақстан таэквондодан әлем чемпионатында алтыннан алға тағынды (ВИДЕО)
olympic.kz

Айым Серікбаева финалда мексикалықты жеңді

44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық таэквондошы финалда мексикалық Понсе Нуньеспен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 2:1 есебімен басым түсті.

Осылайша Айым Серікбаева Қазақстан құрамасына әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады.

Серікбаева турнир барысында өте сенімді өнер көрсетті. Ол финалға дейін бірнеше мықты қарсыласын тізе бүктірді.

Қазақстандық спортшының жолдағы жеңістері:

  • Майя Абдель Фаттах (Египет) — 2:0
  • Сара Альбухаири (Иордания) — 2:0
  • Челси Гомес (Австралия) — 2:0
  • Хуйтинг Лю (Қытай) — 2:0
  • Петра Углешич (Хорватия) — 2:1

Қазақстан қоржынындағы жүлделер саны артты

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алған еді. Жүлдегерлер қатарында:

  • Ерасыл Ерзат — 48 келіге дейін
  • Ислам Медетбай — 55 келіге дейін

Енді Айым Серікбаеваның алтыны Қазақстан құрамасының турнирдегі нәтижесін одан әрі жақсартты.