Бекзат Алмаханның UFC-дегі айқасы алдында қарсыласы ауысты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтер маусымда Бакуде октагонға шығады. 

Бекзат Алмаханның UFC-дегі айқасы алдында қарсыласы ауысты
NUR.KZ

Қазақстандық UFC жауынгері Бекзат Алмахан (23-3) алдағы жекпе-жегі алдында қарсыласының өзгергенін білді. Бұл туралы оның жаттықтырушысы Данеш Дүнгенбаев мәлімдеді.

Қарсылас неге ауысты?

Бастапқыда Алмахан басқа спортшымен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда соңғы сәтте UFC ұйымы қарсыласты өзгерткен.

"Бұған дейін бізге басқа қарсылас берген еді. Америкалық физикалық тұрғыдан өте мықты спортшы болатын. Кейін UFC Бакудегі турнирге ауыстырды. Шынымды айтсам, бұл біз үшін тіпті ыңғайлырақ болды", – деді жаттықтырушы.

Жаңа қарсылас – Жан Мацумото

Қазіргі таңда Бекзат Алмаханның қарсыласы – бразилиялық файтер Жан Мацумото (17-2). Бұл жекпе-жек 27 маусым күні Әзербайжанның Баку қаласында өтетін UFC Fight Night турнирі аясында ұйымдастырылады.

Дереккөздерге сәйкес, қазақстандық файтер бастапқыда америкалық Маркус Макгимен (10-2) кездесуі керек болған. Ол UFC-де тәжірибесі бар спортшы, 2025 жылы Петр Янмен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген.

Алайда белгісіз себептерге байланысты Макги жекпе-жектен алынып, оның орнына Мацумото таңдалды.

Айта кетейік, осы кеште тағы бір қазақстандық спортшы – Асу Алмабаев та октагонға шығады. Ол америкалық Чарльз Джонсонмен (19-8) күш сынасады.