Дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды
Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан Азия чемпионаты басталды.
instagram/@kaz_judoteam
Жүлдеге кімдер таласты?
Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық үш татами шебері жүлде үшін күресуге мүмкіндік алғанымен медаль еншілеу сәті бұйырмады. Қола жүлдеге таласқан Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан және Нұрқанат Серікбаев шешуші кездесулерде қарсыластарына жол берді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Шерзод Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровтан жеңілсе, Аман Бақытжан моңғолиялық Түменаджаргал Тувшинтүрге есе жіберді.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев қола медаль үшін өткен белдесуде қытайлық Цзыян Сюуэйден ұтылып қалды.
Турнир қашан аяқталады?
Азия чемпионаты 18 сәуірге дейін жалғасады. Алдағы күндері Қазақстан құрамасы жүлде қоржынына медаль салуға тырысады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet