ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Дзюдодан Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Айдар Арапов Қытайдың Ордос қаласындағы Азия чемпионатында қола жүлде місе тұтты. 

Дзюдодан Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
instagram/@kaz_judoteam

Қырғызстандық балуаннан басым түсті

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Айдардың қарсыласы қырғызстандық Эрлан Шеров болды. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық дзюдошы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, тұғырға көтерілді. 

Айдар Арапов жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласпен белдесті. Алғашқы айналымдардың бірінде Таиланд өкілі Вэй Пуянгтан басым түсті. Бірақ ширек финалда Оңтүстік Корея дзюдошысы Ким Джонхунға жол берді.

Содан кейін жұбаныш белдесуінде Айдар тайваньдық Пэн-ю Чэнді жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Шешуші сында мүмкіндігін мүлт жібермей, жарысты жүлдемен аяқтады.

Қазақстанның Азия чемпионатындағы нәтижесі

Осыған дейін Қазақстан құрамасына алтын медальді Әділет Алмат сыйлады. Ол 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Сонымен қатар Есмігүл Құйылова (63 келі), Аруна Жангелдина (78 келі) және Абылайхан Жұбаназар (81 келі) Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионаты 19 сәуірге дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.