Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 25 медаль жеңіп алды
Аталған бәсеке Түркістан қаласында өтті.
youtube.com
Түркістан қаласында Абдисалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі аяқталды. Додаға бірнеше елден келген былғары қолғап шеберлері қатысып, тартысты жекпе-жектер өтті.
Халықаралық деңгейдегі жарыс
Турнирге Әзербайжан, Қырғызстан, Кувейт, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның әр өңірінен шамамен 100 боксшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар жалпы 25 медаль жеңіп алды:
- 8 алтын
- 5 күміс
- 12 қола
Турнир чемпиондары
Алтын медаль иеленген қазақстандық боксшылар:
- Нұрғиса Турабеков (Түркістан облысы)
- Кенже Мұратұлы (Алматы облысы)
- Абзал Серік (Шымкент)
- Нұрқадам Әбдреш (Астана)
- Аман Қонысбеков (Түркістан облысы)
- Нұрқанат Райыс (Маңғыстау облысы)
- Ислам Бетаев (Астана)
- Бекболат Әбдікерім (Түркістан облысы)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet