Әлем кубогы кезеңі басталмай жатып қоржынға екі медаль түсті

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында Бразилияда өтеді. 

Әлем кубогы кезеңі басталмай жатып қоржынға екі медаль түсті
olympic.kz

2026 жылғы бокс бойынша Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20 сәуірде Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында басталады. Турнир әлі басталмай жатып, Қазақстан құрамасы екі медальді қоржынға салды.

Жібек Жарасқызы – кемінде қола жүлдегер

Әйелдер арасында 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жібек Жарасқызы жарысты бірден жартылай финалдан бастайды. Ол бұл кезеңде польшалық Эмилия Котерскамен кездеседі.

Осылайша, Жібек кем дегенде қола медальді алдын ала қамтамасыз етіп отыр.

Валерия Аксенова – финалда

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Валерия Аксенова (+81 кг) бірден финалдық жекпе-жекке жолдама алды. Бұл салмақта турнирге тек екі спортшы тіркелген.

Финалда Валерия венгриялық София Сирамен кездесіп, алтын медаль үшін бақ сынайды.

Бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 50 елінен 400-ден астам боксшы қатысады.