Дмитрий Бивол чемпиондық белбеулерін қорғап қалды (ВИДЕО)
Ресейлік кәсіпқой боксшы Дмитрий Бивол неміс Михаэль Эйфертті жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын сақтап қалды.
Бокс кеші Екатеринбургте өтті. 12 раундқа созылған тартысты кездесуде Бивол айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер есепті 120-107 деп белгіледі. Айта кетейік, алғашқы раундта Эйферт нокдаунға түсті.
Бұл жеңіс арқылы Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап қалды. Ал WBO және WBA титулдары бұл жекпе-жекте сарапқа салынған жоқ.
Михаэль Эйфертті жеңгеннен кейін Дмитрий Биволдың кәсіби рингтегі көрсеткіші 25 жеңіс және 1 жеңіліске жетті. Ал неміс боксшысы Эйферт мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.