Өзбекстандық файтер қарсыласын жеңіп, баласын шошытып алды (ВИДЕО)
Аралас жекпе-жек шебері Амирхон Алихужаев Самарқандта Mangu Professional League 3 турнирінде қарсыласын бірінші раундта қылқындыру әдісімен ұтты.
Ирандық қарсыласын бірінші раундта тоқтатты
Амирхон Алихужаев ММА кешінде ирандық спортшы Алиреза Шариатимен кездесті. Жекпе-жек көпке созылған жоқ. Алихужаев бірінші раундта қарсыласын "гильотина" әдісімен қылқындыруға алып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Бұл нәтиже өзбекстандық файтердің кәсіби ММА-дағы маңызды жеңістерінің бірі болды.
Жеңістен кейінгі айқай баласын жылатты
Айқастан кейін Алихужаевтан сұхбат алынды. Спортшы сұрақтарға жауап беріп тұрып, қолына баласын ұстап тұрған. Сол сәтте эмоцияға беріліп, қатты айқайлап жіберді.
Күтпеген дауыс баланы шошытып, ол жылап қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Осы жеңістен кейін Амирхон Алихужаевтың кәсіби мансабындағы жеңістер саны 13-ке жетті. Ал Алиреза Шариати 12-рет жеңіліс тапты.