Едіге Қасымбек Моңғолиядағы турнирде жүлде алды
Еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Ulanbaatar Open рейтингтік турнирінде күміс жүлдегер атанды.
olympic.kz
Финалда үндістандық балуанмен белдесті
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін белдесуде 20 жастағы балуан үндістандық Динешпен күресті. Тартысты өткен кездесуде тәжірибелі қарсыласы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Едіге Қасымбек турнирді күміс медальмен аяқтады.
79 келіде қазақстандықтар қола үшін таласты
Сонымен қатар 79 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін қазақстандық балуандар өзара белдесті. Бұл кездесуде Шамсат Тайыр мен Нұрдәулет Қуанышбай бозкілемге шықты.
Қазақстандық дербиде Шамсат Тайыр 5:4 есебімен турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet