Асыл Айтақын Будапешттегі рейтингтік турнирде топ жарды

Футбол шолушысы

Еркін күрес шебері Асыл Айтақын беделді рейтингтік турнирдің жеңімпазы атанды. 

Асыл Айтақын Будапешттегі рейтингтік турнирде топ жарды
olympic.kz

Финалға дейін екі қарсыласын жеңді

Қазақстандық балуан турнирдегі алғашқы белдесуінде әзербайжандық Нураддин Новрузовпен кездесті. Айтақын қарсыласына мүмкіндік бермей, 9:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Келесі кезеңде үндістандық Дипакпен белдесіп, тартысты кездесуде 2:1 есебімен басым түсті. Осы нәтиженің арқасында Асыл Айтақын финалға жолдама алды.

Финалда түркиялықтан басым түсті

Асыл айтақын алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Толга Өзбекпен кездесіп, рейтингтік турнирдің чемпионы атанды.

Бұл нәтиже Айтақынға халықаралық рейтингте маңызды ұпайлар жинауға мүмкіндік береді.
61 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Әділет Әлмұхамедов те жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Гиорги Гониашвилиді 6:5 есебімен жеңді.

Бұған дейін осы турнирде 57 келі салмақта өнер көрсеткен Мейрамбек Қартбай мен Нұрданат Айтанов қола медаль жеңіп алған еді.