Қаршыға Дәуітбек қарсыласын бір соққымен сұлатты (ВИДЕО)

Бас редактор

Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек Жапонияның Хиросима қаласындағы Rizin FF - Landmark Vol. 15 турнирінде жарқын жеңіске жетті. 

Қаршыға Дәуітбек қарсыласын бір соққымен сұлатты (ВИДЕО)
Sports24.kz

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық ММА файтері Қаршыға Дәуітбек Жапониядағы Rizin FF турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы жергілікті спортшы Кехэй Хагивара болды.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды

Дәуітбек пен Хагивара арасындағы кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда айқас толық уақытқа созылған жоқ.

Қазақстандық файтер бірінші раундта шешуші соққы жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

Дәуітбек мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді

Бұл нәтиже Қаршыға Дәутбектің кәсіби ММА-дегі 19-жеңісі болды. Оның рекорды енді 19 жеңіс және 3 жеңіліске жетті.

Ал жапониялық Кехэй Хагивара мансабындағы 12-жеңілісіне ұшырады. Оның көрсеткіші 9 жеңіс және 12 жеңіліс болып өзгерді.

Қаршыға Дәуітбек бұған дейін соңғы рет 31 желтоқсанда Сайтамада октагонға шыққан. Ол кезде қазақстандық спортшы жапониялық Юта Кубомен кездескен.

Сол айқаста Кубо Дәутбектің көзіне саусағын тигізіп, қазақстандық файтер кездесуді жалғастыра алмады. Соның салдарынан айқас өтпеді деп есептелді.