Таэквондошылар командалық әлем кубогында екінші рет жүлдеге ілікті (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядағы командалық әлем кубогында екінші медалін жеңіп алды. Аралас командалар арасындағы бәсекеде ұлттық құрама қола жүлде еншіледі.
sportarena.kz
Қазақстан Таиландты жеңді
Қазақстан құрамасы қола медаль үшін өткен кездесуде Таиландпен шеберлік байқасты. Тартысты қарсыласуда отандастарымыз 2:1 есебімен жеңіске жетіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Қазақстан атынан:
- Аружан Найманбаева;
- Аида Тәукенова;
- Абдурахмон Марипов;
- Әнуар Мұхаметкәрімов;
- Батырхан Күсетов өнер көрстетті.
Осы спортшылардан жасақталған команда Қазақстан қоржынына турнирдегі екінші жүлдені салды.
Ерлер құрамасы күміс жүлде алған
Бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасы командалық әлем кубогының финалына дейін жетіп, күміс медаль иеленді.
Осылайша ұлттық құрама Чунчхонда өткен жарысты екі жүлдемен аяқтады. Қазақстан командасының еншісінде бір күміс және бір қола медаль бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet