20 дзюдошымыз Әлем чемпионатында бақ сынайды
Гуаякильде өтетін додада ел намысын 10 ұл және 10 қыз қорғайды.
Кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. Жарыс 20-23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өтеді.
Әлем чемпионатында Қазақстан атынан 20 жас дзюдошы бақ сынайды. Оның ішінде 10 ұл және 10 қыз бар.
Ұлдар құрамасында кім бар?
Кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның ұлдар құрамасы мына спортшылардан жасақталды:
50 келіде Бекарыс Құдайберген мен Әділжан Нұрбекен ел намысын қорғайды. 55 келіде Бақдәулет Ізбасар татамиге шығады.
- 60 келіге дейінгі салмақта Расулхан Ғабит пен Ахмет Баубек,
- 66 келіде Ерік Үсенов,
- 73 келіде Бекәлі Еркен,
- 81 келіде Әлижан Сайлаубеков,
- 90 келіде Шыңғыс Қонысбек,
- +90 келі салмақта Әділжан Жаудинов Қазақстан атынан қатысады.
Қыздар құрамасының тізімі
Қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Жанель Айтбай мен Әдия Жанахмет жарысқа қатысады. 44 келіде Рамина Әбішева белдеседі.
48 келі салмақта Аянат Жұбатқан мен Зере Талғатқызы татамиге шығады. 52 келіде Фатима Супығалиева Қазақстан намысын қорғайды.
57 келіде Інжу Жұмажан мен Еркеназ Сембек сынға түседі. 63 келіде Әзима Серік, ал +70 келіде Тоғжан Төлебай жарысқа қатысады.
Өткен әлем чемпионатында Қазақстан бес медаль алды
Айта кетейік, 2025 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.
Софияда өткен жарыста Ернұр Батырғали 60 келіде алтын медаль иеленді. Мұхаммедәли Жылқайдар 66 келіде күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ Арман Мұса 50 келіде, Ролан Қайырғали 66 келіде және Әділжан Жаудинов +90 келіде қола медаль жеңіп алды.