Жәнібек Әлімханұлы көз тігіп отырған салмақта WBO титулы сарапқа салынды
Сауд Арабиясының Жидда қаласында екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хамза Шираз титулын қорғады.
Жиддада өткен кәсіпқой бокс кешінде британиялық Хамза Шираз бен Германия өкілі Симон Захенхубер арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтті. Айқас екінші орта салмақта ұйымдастырылды.
WBO белбеуі сарапқа салынды
Шираз бен Захенхубер арасындағы кездесу 12 раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жекте Хамза Ширазға тиесілі WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынды.
Кездесу толық қашықтыққа созылды. Оның қорытынды бойынша Хамза Шираз жеңімпаз атанды.
Осылайша, Хамза Шираз кәсіпқой бокстағы 24-жеңісіне қол жеткізді. Оның рекорды енді 24 жеңіс, 1 тең нәтиже және 19 нокаут болып өзгерді.
Симон Захенхубер үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі. Германиялық боксшының көрсеткіші енді 29 жеңіс және 2 жеңіліске өзгерді.
Жәнібек Әлімханұлы осы салмаққа ауысты
Айта кетейік, жуырда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін дәл осы салмақ дәрежесіне яғни 168 фунттық дивизионда өнер көрсетеді.