"Әйтпесе аузыңды жап": Магомед Анкалаев қарсыласына ашық үндеу жасады

Футбол шолушысы

UFC ұйымының жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Магомед Анкалаев келесі қарсыласы ретінде бразилиялық Пауло Костаны атады.

"Әйтпесе аузыңды жап": Магомед Анкалаев қарсыласына ашық үндеу жасады
gazeta.ru

Пауло Костаны жекпе-жекке шақырды

Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турниріндегі жеңісінен кейін Анкалаев әлеуметтік желі арқылы Пауло Костаға үндеу жасады.

Магомед Анкалаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында орта салмақтағы чемпиондық атаққа бұрын таласқан Пауло Костаға тағы да жекпе-жек өткізуді ұсынды. Ол бразилиялық файтердің көп сөйлейтінін айтты.

“Сен көп сөйлейсің, бірақ менімен жекпе-жек өткізгің келмейтінін екеуіміз де білеміз. Егер нағыз ер азамат болсаң, кездесуге келіс. Әйтпесе үндеме. Уақытша чемпиондық титул үшін жекпе-жек те маған қолайлы. Ешқандай мәселе жоқ”, – деп жазды Анкалаев.

Анкалаев келесі жекпе-жегін Пауло Костаға қарсы өткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар UFC уақытша чемпионы атағы сарапқа салынатын айқасқа да дайын екенін білдірді.

Әзірге UFC өкілдері бұл ықтимал кездесу немесе уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Анкалаев Богдан Гуськовты нокаутпен жеңді

26 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Анкалаев Богдан Гуськовпен кездесті.

Айқас Анкалаевтың техникалық нокаутпен жеңіске жетуімен аяқталды. Осы нәтижеден кейін ол титулдық бәсекеге қайта қосылуға ниетті екенін көрсетті.