Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық балуан ӘЧ-да фаворитті жеңіп, қола медаль иеленді

Грек-рим күресінің шебері Исхар Құрбаев Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық балуан ӘЧ-да фаворитті жеңіп, қола медаль иеленді
instagram.com/kazakhstan__wrestling/

Құрбаев сенсация жасады

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін өткен белдесуде Исхар Құрбаев үндістандық Лалитпен кездесті. Қазақстандық балуан алғашқы сәттерден-ақ басымдықты өз қолына алып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде Құрбаев үндістандықты 9:0 есебімен ойсырата жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Бұл белдесудің басты ерекшелігі – екі балуанның әлемдік рейтингтегі орындары арасындағы үлкен айырмашылық. Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының рейтингінде үндістандық Лалит 55 келі салмақта 8-орында тұрса, қазақстандық Исхар Құрбаев небәрі 37-сатыда орналасқан. Дегенмен кілем үстінде рейтингтегі көрсеткіш шешуші рөл атқарған жоқ. Қазақстандық боз кілем шебері жоғары деңгейдегі қарсыласынан айқын басым түсіп, әлем біріншілігінің жүлдегері атанды.

Қола медальға қалай жетті?

Астанадағы әлем чемпионатында Исхар Құрбаев бірнеше мықты қарсыласын жеңіп, жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстандық балуан жарыс барысында жапониялық Кагетора Окамотоны, өзбекстандық Ихтиёр Ботировты және молдовалық Артём Делянуды жеңді. Ал жартылай финалда ирандық Паям Ахмадиге есе жіберіп, алтын медаль үшін күресті жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?