Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды.

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында жүлдегер атанды
instagram.com/kazakhstan__wrestling/

Олимпиада жүлдегерін жеңді

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін өткен белдесуде Айдос Сұлтанғали қытайлық Цао Лигомен кездесті. Лиго – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондықтан бұл кездесу қазақстандық үшін маңызды сынақ болды.

Дегенмен Айдос Сұлтанғали атақты қарсыласынан қаймыққан жоқ. Белдесу барысында басымдық танытқан отандасымыз 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Қазақстандық балуан Астанадағы әлем біріншілігін 1/8 финал кезеңінен бастады. Алғашқы белдесуінде ресейлік Анвар Аллахьяровтан 4:3 есебімен басым түсті. Ширек финалда Әзербайжан намысын қорғаған Мурад Маммадовты 4:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал финалға шығу үшін өткен белдесуде жапониялық Кото Гомиге 1:5 есебімен есе жіберді.

Әлем чемпионының жүлдесі

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали – Қазақстанның грек-рим күресіндегі ең тәжірибелі әрі титулды балуандардың бірі.

Оның бұған дейінгі жетістіктері:

  • 2025 жылғы әлем чемпионы;
  • 2021 жылғы Азия чемпионы;
  • 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Қазақстан екінші медалін жеңіп алды

Айдос Сұлтанғалидың жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының Астанадағы әлем чемпионатында жеңіп алған жүлделерінің саны екіге жетті.

Бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Исхар Құрбаев қола медаль иеленген. Ол шешуші белдесуде үндістандық Лалитті 9:0 есебімен ойсырата жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?