Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын жеңіп, ӘЧ финалына шықты

Азия чемпионы Бейбарыс Әшірбай Черногорияның Будва қаласында 19 жасқа дейінгі бкосшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын жеңіп, ӘЧ финалына шықты
instagram.com/boxingkazakhstan/

Өзбекстан боксшысын жеңді

Бейбарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Өзбекстан құрамасының өкілі Зульфикор Адхамджоновпен кездесті. Жекпе-жек алғашқы раундтан-ақ тартысты өрбіді. Дегенмен отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, бірінші үш минуттық кезеңді төрешілер шешімімен 4:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші раундта да Бейбарыс қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Қазақстандық боксшы белсенді қимылдап, бұл кезеңде де төрешілердің 4:1 есебімен қолдауына ие болды.

Алғашқы екі раундта басымдыққа қол жеткізген Әшірбай шешуші үш минуттық кезеңде де жинақы өнер көрсетті. Ол қарсыласына жекпе-жек барысын өзгертуге мүмкіндік бермей, кездесуді жеңіспен аяқтады.

Осылайша Бейбарыс Әшірбай жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шығып, кем дегенде күміс медаль иемденеді.

Азия чемпионы әлемдік алтынға таласады

Айта кетейік, Бейбарыс Әшірбай биыл Азия чемпионатында топ жарған. Енді ол сол жетістігін әлемдік деңгейде қайталауға мүмкіндік алды.

Будвадағы әлем біріншілігінде көрсеткен нәтижесінің арқасында қазақстандық боксшы ұлттық құраманың қоржынына тағы бір жүлде әкелетіні анықталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19