Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты
Қазақстандық Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Сағындық 92 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық қандасымыз, 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Мадияр Саидрахимовпен кездесті.
Жекпе-жек Сағындықтың айқын басымдығымен өтті. Тіпті ол екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Осылайша бүгін шаршы алаңға шыққан бес қазақстандық боксшының үшеуі жартылай финалға шығып отыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.