Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстандық файтер UFC-дің чемпиондық титулы үшін қазір басты үміткер саналады.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (19-0) менеджері Саят Абдрахманов жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (20-3) қашан жұдырықтасатынына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Спорт Шредингера" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
"Меніңше, Белал қашан дайын болатынын әлі өзі де білмейді. Ол инфекциядан жазылып, енді ғана жаттыға бастады. Қалпына қанша уақытта келетіні белгісіз. Шавкат мамыр-сәуір деп отыр, бірақ ол жекпе-жектің қайда өтетініне де байланысты. Егер мамыр болса, турнир Бразилияда өтеді. Бірақ чемпиондық айқасты бұл елде өтпейді. Бәрі турнирдің қайда өтетініне байланысты, ал бұл әзірге белгісіз", - деді Әбдірахманов.