Қазақстандық таеквондошыларды Париж олимпиадасында сенсация жасаған маман баптайды

Жекпе-жек шолушысы

Ұлттық құраманы Лос-Анджелес олимпиадасына Есбол Сұлтанов дайындайды.

Қазақстандық таеквондошыларды Париж олимпиадасында сенсация жасаған маман баптайды
qaz365.kz

43 жастағы маман 2024 жылғы Париж олимипиадасынан кейін көпке танымал болды. Оның жетекшілігімен Тунис таеквондошылары тарихи жетістікке (1 алтын және 1 қола медаль) қол жеткізді. Нәтижесінде World Taekwondo алматылықты 2024 жылдың үздік бапкері деп таныды.

Сұлтановты ұлттық құрамамен ресми түрде таныстыру жақын арада өтеді. Бұл туралы sportarena.kz жазады.