ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстандық файтерлер жеңілмеген өзбек қарсыластарынан айласын асырды (ВИДЕО)

Ташкентте аралас жекпе-жектен Octagon 68 кеші өтті. 

Қазақстандық файтерлер жеңілмеген өзбек қарсыластарынан айласын асырды (ВИДЕО)
repost.uz

Қазақстандық Бағашар Қораласов (3-1) өзбек Асадулло Расуловпен (3-0) кездесті. Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек мерзімнен бұрын үшінші раундта аяқталды. Қораласов соңында қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді. 

Дәл осы салмақта Данияр Оңғар (6-3) мен Мироншох Хусейнов (5-0) арасындағы айқаста төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандыққа берді. 

Octagon 68 турниріндегі титулды жекпе-жек ең жеңіл салмақта өзбек Анвар Абдуллаев пен әзербайжандық Фарид Алибабазаде арасында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.