UFC президенті 2024 жылдың үздік жекпе-жектерін іріктеді (ВИДЕО)
Дана Уайт 2024 жылдың ең жойқын жекпе-жектерін атады.
ringside24.com
Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында 2024 жылдың үздік жекпе-жектерінен үзінді видеолар жариялады. Оның айтуынша, бұл тізімде өткен жылдың ең әсерлі жеңістері мен бірнеше чемпиондық жекпе-жектері бар.
"Бұл – 2024 жылдың "Ең үздік жекпе-жек" аталымына үміткерлер. Қалай ойлайсыз, қайсысы марапатқа лайық?" - деп жазды Дана Уайт.
Бұл тізімде келесі жекпе-жектер бар:
- Илия Топурия – Александр Волкановский (UFC 298 турнирі, Илия Топурия 2-раундта нокаутпен жеңді);
- Макс Холлоуэй – Джастин Гэтжи (UFC 300 турнирі, Макс Холлоуэй 5-раундта нокаутпен жеңді);
- Алекс Перейра – Иржи Прохазка (UFC 303 турнирі, Алекс Перейра 2-раундта нокаутпен жеңді);
- Хамзат Чимаев – Роберт Уиттакер (UFC 308 турнирі, Хамзат Чимаев 1-раундта ауырту әдісімен жеңді);
- Илия Топурия – Макс Холлоуэй (UFC 308 турнирі, Илия Топурия 3-раундта нокаутпен жеңді).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet