Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Ол кінәсін мойындап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді.
Өзбекстанның Экология министрлігі аюмен төбелескен боксшы Шахрам Гиясовқа қатысты әкімшілік хаттама толтырып, жауапқа тартты. Бұл туралы upl.uz хабарлады.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, жағдайды тергеп-тексеру барысында оқиғаға қатысы барлық тұлғадан түсініктеме алынған. Ал бейнежазбадағы аю Ферғана зообағына тапсырылған.
Шахрам Гиясов болса кінәсін мойындап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берген. Оған 3 базалық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, Гиясов - 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері. 2018 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді.