ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

Қазақстандық спортшы 8 ақпан күні өтетін UFC 312 турниріне қатысуы ықтимал.

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін
Vesti.kz

8 ақпан күні Сиднейде өтуі тиіс UFC 312 турнирінде жапон файтері Рэй Цуруя (10-0) мен австралиялық аралас жекпе-жек шебері Стюарт Николл (8-1) кездесуі керек болған. Алайда Николл жарақатына байланысты жарыстан шегінуге мәжбүр болды.

Жалғас Жұмағұлов Цуруяға қарсылас ретінде өзін ұсынды. Қазіргі уақытта UFC басшылығы жапон спортшысына жаңа қарсылас тауып, жекпе-жекті сақтап қалу жағын қарастырып жатыр.

"Спорт Шредингера" телеграм арнасының ақпараты бойынша, Жалғас Жұмағұлов UFC тізімінде тұр. Жекпе-жек пен Жалғасқа қатысты шешім алдағы уақытта белгілі болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.