Махачевтан жеңілген Мойкано айқастан қанша ақша алғанын ашып айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда ғана ол UFC-дің чемпиондық титулы үшін жұдырықтасқан еді. 

Махачевтан жеңілген Мойкано айқастан қанша ақша алғанын ашып айтты
arena.olimpbet.kz

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық титулға үміткер болған Ренато Мойкано ресейлік Ислам Махачевпен жұдырықтасқаны үшін қанша ақша алғанын ашып айтты. Бразилиялық файтердің сөзіне сенсек, аталған жекпе-жектен ол шамамен миллион доллар табыс тапқан.

"Маған қомақты қаржы берді. Сомасы 9,5 биткоиннан асады", - деді Мойкано Show Me The Money YouTube-арнасында. 

Қазіргі уақытта бір биткоинның бағасы шамамен 105 мың доллар тұрады. Сәйкесінше, Ренато миллион долларға жуық ақша алған.

Естеріңізде болса, қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Мойкано жарақат алып қалған Арман Царукянды алмастырып, Махачевпен жекпе-жекке шыққан еді. Бұл кездесуде бразилиялық жауынгер қарсыласына бірінші раундта-ақ жеңіліп қалды. Ал Махачев төртінші мәрте титулын қорғап қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір