Сауль "Канело" Альварес қатты ұнататын төрт боксшыны атады

Сарапшы, спорт журналисі

Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта WBO, WBC WBA Super, The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы – мексикалық Сауль Альварес (62-2-2, 39 KO) үздік төрт боксшыны атады. 

Сауль "Канело" Альварес қатты ұнататын төрт боксшыны атады
фото ашық дереккөздерден алынды

Оның пікірін X әлеуметтік желісінде Ring Magazine аккаунты жазды.

“Талантты жас боксшылардың жекпе-жектерін үзбей қарауға тырысамын. Александр Усик, Райан Гарсия, Теофимо Лопес және Джервонта Дэвис ұнайды. Олар расымен де өте мықты боксшылар, - деді мексикалық даңқты боксшы.

Еске сала кетсек, Альварес соңғы жекпе-жегін былтыр 14 қыркүйекте отандасы Эдгар Берлангаға қарсы өткізді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер “Канелоның” жеңісін мойындады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 2
😂 1
😡 2
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір