Кәсіпқой боксшы 59 жасында мерзімінен бұрын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Жекпе-жек бірінші раундтан кейін аяқталды.
worldboxingnews.net
Ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық былғары қолғап шебері Оливер Макколл (61-14, 40 КО) жасына қарамастан, кезекті жеңісіне жетті. Ол Гэри Кобиге (3-5, 1 КО) қарсы шаршы алаңға шыққан болатын.
Боксшылардың айқасы Нэшвиллдегі бокс кеші аясында өтті. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланды. Алайда кездесу бірінші раундтан кейін аяқталды.
Гэри Коби сол қолының жарақатына байланысты жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады.
Айта кетерлігі, Гэри Коби де ардагер боксшы саналады. Ол 52 жаста.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet