Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жалоловтың ұзақ күткен жекпе-жегі өтпейтін болды

Сарапшы, спорт журналисі
06.02.2025, 11:39

Өзбек боксшысы бүгін франциялық Давид Спильмонмен жұдырықтасуы керек-тін. 

runasport.com
runasport.com

Екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие өзбек боксшысы Баходир Жалоловтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі өтпейтін болды. Жоспар бойынша бүгін ол Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасуы керек-тін. 

Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедовтың айтуынша,  Баходирден медициналық тексеріс кезінде герпес инфекциясы анықталып, нәтижесінде жекпе-жектен шеттетілген. 

Баходир француз боксшысы Давид Спильмонмен (16-8-1, 11 КО) жұдырықтасуы керек болған. 

Айта кетейік, Жалолов кәсіби бокста 14 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ол соңғы рет 2023 жылдың 17 қарашасында Ташкентте оңтүстікафрикалық Крис Томпсонды бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Одан кейін әуесқой боксқа ден қойып, Париж Олимпиадасында "алтын" алды. 

Осыдан кейін өзбек боксшысы біржола кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл оның асыға күткен жекпе-жегі болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір