ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақ балуаны халықаралық турнирде лайық нәтиже көрсетті

Минскте үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведь атындағы еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды.  

Қазақ балуаны халықаралық турнирде лайық нәтиже көрсетті
sb.by

Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі жүлдеге ие болды.

65 келіге дейінгі салмақта Әділ Оспанов күміс, ал 125 келі салмақта Серік Бақытханов қола медаль жеңіп алды.  

Оспанов финалда Эльдар Ахмадудиновпен кездесіп, 4:7 есебімен жеңіліс тапты. Ал Бақытханов жұбаныш белдесуінде Магомед Магомедовтен 4:3 есебімен басым түсті.  

Қос қазақстандық балуанның қарсыластары дағыстандық спортшылар болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.