Қазақстандық балуан Минсктегі халықаралық турнирде "алтын" жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Минскте (Беларусь) Олимпиада чемпионы Александр Медведь атындағы күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр. 

Қазақстандық балуан Минсктегі халықаралық турнирде "алтын" жеңіп алды
sputnik.kz

Әйелдер арасында 72 келіге дейінгі салмақта өткен финалда қазақстандық Жәмилә Бақбергенова қырғызстандық Қайыргүл Шаршебаеваны жеңіп, алтын медаль иеленді.  

Бұл – Жәмиләнің 2025 жылғы алғашқы жарысы. Былтыр күзде ол Албанияда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында күміс медальге қол жеткізген. 

Айта кетейік, 25 ақпанда Жәмилә Алматыда өтетін PWL-8 турниріне қатысады. Оның қарсыласы – қырғызстандық спортшы Айпери Медетқызы болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір