Лас-Вегаста UFC Fight Night 251 турнирі өтті
Басты жекпе-жек орта салмақта (84 кг-ға дейін) АҚШ өкілі Джаред Каннонье мен бразилиялық Грегори Родригес арасында өтті.
Жекпе-жек Канноньенің төртінші раундта нокаутпен жеңісімен аяқталды. Дегенмен бірінші раундта америкалық файтер екі рет нокдаунға түсті.
Осылайша, Джаред Канноньенің кәсіби мансабындағы жеңістер саны 18-ге жетіп, сегіз рет жеңіліске ұшырады. Ал Грегори Родригестің есебінде 16 жеңіс пен алты жеңіліс бар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.