Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақ дзюдошылары Еуропа кубогында алтын мен күміс еншіледі

Редактор Penalty.kz
22.02.2025, 23:26

Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан European Open турнирінде қазақстандықтар бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

olympic.kz
olympic.kz

60 келі салмақтағы финалда қос қазақ дзюдошысы – Шерзод Давлатов пен Бақытжан Аман – өзара жүлде үшін белдесіп, жеңіс Шерзодтың еншісінде қалды.

Аталмыш жарыста 45 елден келген 551 спортшы чемпиондық атақ үшін бақ сынауда.

Шерзод Давлатов Польша астанасында өткен беделді жарыста алғаш рет чемпион атанды. Бұған дейін бұл турнирде екі рет қола жүлде иеленген:

  • 2023 жыл – қола медаль
  • 2024 жыл – қола медаль

Негізгі жетістіктері:

  • Азияның екі дүркін чемпионы (кадеттер арасында) – 2017, 2018 жылдар
  • Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері – 2021 жыл
  • Әлемдік Гран-при кезеңінің жеңімпазы – 2024 жыл
  • Әскерилер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері – 2024 жыл
  • Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Қазір Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте 1077 ұпаймен 44-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір