
Қазақстандық Имран Тайсұлтанов (6-1) аралас жекпе-жектен өткен UAE Warriors 58 турнирінде (Әл-Айн, БАӘ) өнер көрсетті.
Қазақстандық файтер ресейлік Абдурахман Алимагомедовпен (11-1) кездесті. Жартылай орта салмақта өткен бұл жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ аяқталды. Алимагомедов сабмишн әдісімен жеңіске жетті.
UAE Warriors ұйымының Instagram парақшасында:
"Көзді-ашып жұмғанша финиш болды! Абдурахман Алимагомедов уақыт жоғалтпай, сабмишнмен жылдам жеңіске жетті!" – деп жазылды.
Абдурахман Алимагомедов үшін бұл ММА-дегі 12-ші жеңісі болды.
Имран Тайсұлтанов екінші рет жеңіліске ұшырады.
Бұған дейін Тайсұлтанов Naiza FC лигасында бақ сынаған.