Екі казақ каратэшісі халықаралық турнирде топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі

Қос қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы А сериясы жарысында чемпион атанды.

Екі казақ каратэшісі халықаралық турнирде топ жарды
prosports.kz

Кумите бағдарламасында (U14-15) Нұрасыл Нұрсейіт (-52 кг) аса тартысты өткен финалда Украина өкілі Максим Виечкановты ұтты. Ал Сұңқар Қанибек 70 кг дейінгі салмақтың финалында Хорватия өкілін жеңді. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Екі спортшымыз жарыс барысында 7 жекпе-жектен өткізді.

Сонымен қатар, бүгін 14-15 жас санатында тағы 3 спортшымыз қола медаль жеңіп алды. Әмір Кеңесбай (-52 кг), Руслан Еркін (-57 кг), Батыр Әділ (-57 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір