Қазақстандық боксшы АҚШ-та әсерлі нокаут жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Николай Шваб (13-0, 8 КО) АҚШ-тың Коннектикут штаты, Машантакет қаласында өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне жетті. 

Қазақстандық боксшы АҚШ-та әсерлі нокаут жасады (ВИДЕО)
Vesti.kz

Оның қарсыласы Колумбия өкілі Белмар Пресиадо (22-9-1, 15 КО) болды. Жеңіл салмақта өткен бұл жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен соңына дейін жетпеді. Сегізінші раундта Шваб қарсыласын дәл соққылар сериясымен нокаутқа түсіріп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткен сәтін төмендегі видеодан көруге болады.

Бұл жеңіс Николай Шваб үшін кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісі және 8-ші нокауты болды. Ал Белмар Пресиадо мансабындағы тоғызыншы жеңіліске ұшырады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір