Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмоновпен кездескен Баходир Джалолов маңызды мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
23.02.2025, 20:00

Өзбекстандық кәсіпқой боксшы Баходир Джалолов өзінің Instagram парақшасында қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновпен түскен суретін бөлісті. 

Шавкат Рахмоновпен кездескен Баходир Джалолов маңызды мәлімдеме жасады
Vesti.kz

"Үлкен өзбек және Номад. Саған алдағы жекпе-жекте сәттілік тілеймін, бауырым", – деп жазды Джалолов.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов (19-0) мамыр айында октагонға қайта оралып, АҚШ өкілі Белал Мухаммадпен (24-3) UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулы үшін жұдырықтасады деп күтілген. Бірақ қазақстандық файтер жарақаттарынан толықтай айығу үшін үзіліс алуды жөн көрді.

Шавкат Рахмонов соңғы рет желтоқсан айында октагонға шыққан болатын. Ол Ирландияның өкілі Иэн Гэрриді (15-1) бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіп, кәсіби мансабындағы жеңісті сериясын жалғастырды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 20
👎 0
😂 0
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір