Қазақстандық боксшылар "Дракула Кубогында" Өзбекстанды басып озды
Румынияның Браила қаласында өткен Dracula Open-2025 халықаралық бокс турнирінде жасөспірімдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтті.
instagram@asbc_official
Турнир қорытындысында Қазақстан 21 медаль жеңіп алды. Ал финалда 15 боксшымыз сынға түсіп, олардың кейбірі өзара кездесті. Нәтижесінде, төрт қазақстандық боксшы алтын медаль жеңіп алды.
Финалдық жекпе-жектердің нәтижелері:
- 46 кг: Арман Мырсәбит (Қазақстан) — Алмас Жүнісов (Қазақстан) — 5:0
- 48 кг: Аслан Жеңіспаев (Қазақстан) — Денис Александреску (Румыния-2) — 1:4
- 50 кг: Едіге Нұрғожа (Қазақстан) — Сербан Стоица (Румыния) — 1:4
- 52 кг: Әлімжан Ұлас (Қазақстан) — Артем Котлярский (Украина) — 1:4
- 54 кг: Мадияр Әбдікәрімов (Қазақстан) — Бобомурод Буймирзаев (Өзбекстан) — 0:5
- 57 кг: Дулат Әзиз (Қазақстан) — Асилбек Абдукадиров (Өзбекстан) — 5:0
- 63 кг: Әмір Рамазан (Қазақстан) — Сайдулла Садиллахуджаев (Өзбекстан) — 0:5
- 66 кг: Темірлан Ералиев (Қазақстан) — Александрос Цапцис (Греция) — 0:5
- 70 кг: Талғат Абылай (Қазақстан) — Төреғали Сейдуллаев (Қазақстан) — 0:5
- 75 кг: Мансұр Амантай (Қазақстан) — Андрей Иофчу (Румыния) — 0:5
- 80 кг: Нұрасыл Айтекеев (Қазақстан) — Әділ Меделхан (Қазақстан) — 2:3
- 80+ кг: Еркетан Жарқынбек (Қазақстан) — Александр Хоменко (Украина) — қазақстандық боксшы бірінші раундта бас тартты.
Жалпы командалық есепте Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бірінші орынға ие болды. Өзбекстан мен Румыния үш алтыннан медальден иемденді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet