Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жыл нокауты ма? UFC ардагері басынан айналмалы соққымен нокаутқа түсті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
09.03.2025, 17:10

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Маурисио Руффи Лас-Вегаста өткен UFC 313 турнирінде әсерлі жеңіске жетті. 

mmamania.com
mmamania.com

Қысқа әрі әсерлі жекпе-жек

Руффи бұл кештің негізгі кардында өнер көрсетті. Оның қарсыласы жеңіл салмақтағы (70,3 кг дейін) америкалық Кинг Грин (шын аты – Бобби Грин) болды.

Кездесу үш раундқа есептелгенімен бірінші раундта-ақ аяқталды. Бразилиялық спортшы басымдықты өз қолына алып, қарсыласын соққылармен есеңгіретіп үлгерді. Үшінші минутта Грин торға шегінген сәтте, Руффи айналмалы соққымен оның басынан тепті. Америкалық бірден есінен танып құлады, ал рефери жекпе-жекті тоқтатып, нокаут тіркеді.

Руффидің жеңісті жолы

Бұл жеңіс Руффи үшін қатарынан жетінші, ал жалпы кәсіби мансабындағы 12-жеңіс болды (1 ғана жеңіліс). Ол UFC аясында өткізген үш жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.

Турнир қорытындысы бойынша 28 жастағы бразилиялық файтер “Кештің үздік өнері” номинациясы бойынша 50 мың доллар (шамамен 24,5 млн теңге) көлемінде бонустық сыйақы алды.

Ал оның қарсыласы Кинг Грин қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады. Қазір оның кәсіби рекорды – 32 жеңіс, 17 жеңіліс, 1 тең нәтиже және 1 нәтижесіз аяқталған жекпе-жек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір