Бокстан әлем кубогы. Ел қоржыны "алтынмен" толықты
Қазақстандық боксшы Регина Тибенева Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан "Адриатика маржаны" халықаралық турнирінде (жастар арасындағы әлем кубогы) алғашқы алтын медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Регина Тибенева финалда отандасы Ақнұр Тұрсынғалимен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Регина Тибенева турнир чемпионы атанып, Қазақстанға алтын медаль сыйлады. Ал Ақнұр Тұрсынғали күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін 52 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Рахмина Абдумәжитова да финалға жеткен болатын. Бірақ ол шешуші жекпе-жекте ресейлік Светлана Кузнецоваға 0:5 есебімен жол беріп, күміс жүлдемен шектелді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.