Қазақстандық сұлу боксшы Астанадағы жекпе-жекте жеңілмеген қарсыласынан айырылды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман (6-0, 5 КО) 5 сәуірде Астанада рингке шығады.

Қазақстандық сұлу боксшы Астанадағы жекпе-жекте жеңілмеген қарсыласынан айырылды
ivest.kz

Бастапқыда оның қарсыласы ретінде жеңілмеген америкалық Розалинда Родригес (14-0, 3 КО) көрсетілген еді. Бірақ BoxRec мәліметі бойынша, Мұздыманның жаңа қарсыласы – филиппиндік Мария Тереза Пинили (7-1, 2 КО) деп өзгертілген.

Қарсыластың өзгеру себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтеді және сегіз раундқа жоспарланған.

Астанадағы басты жекпе-жек

5 сәуірде өтетін астаналық бокс кешінің басты оқиғасы – Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) шаршы алаңға шығуы болмақ. Ол Франция өкілі Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) WBO және IBF орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 32
👎 1
😂 0
😡 6
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір