ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Василий Ломаченко жекпе-жектен қашты, зейнетке кетсін" — Шакур Стивенсон

Жеңіл салмақтағы WBC әлем чемпионы Шакур Стивенсон IBF титулының иегері Василий Ломаченконы жекпе-жектен қашып отыр деп айыптап, мансабын аяқтауға үндеді. 

"Василий Ломаченко жекпе-жектен қашты, зейнетке кетсін" — Шакур Стивенсон
ringside24.com

Шакур Стивенсон украиналық боксшы туралы мынадай пікір білдірді. 

"Мен әрдайым Ломаченкоға қарап бой түзедім. Шындықты айтайын, ол мен үшін үлкен үлгі болды. Бірақ оның менімен жұдырықтасқысы келмегенін түсінген соң, көзқарасым өзгерді.

Оның мансабы өте керемет болды, еш даусыз – ол аңыз. Бірақ дәл қазір ол менен қашып жүр.

Ломаченко титулды жеңіп алды, бірақ оны сақтап, ешқандай жекпе-жекке шықпай отыр. Не үшін? Егер сен қайта оралуды жоспарламасаң, мотивацияң болмаса, бұл белбеудің не қажеті бар? Не болып жатыр өзі?

Титулды босат! Одан бас тарт! Неге зейнетке кетпеске?"– деді Стивенсон.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.