Бес медаль, бір алтын! Қазақстан Азия чемпионатында нешінші орында?

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда Иордания астанасы Амманда күрестен Азия біріншілігі аяқталған болатын. 

Бес медаль, бір алтын! Қазақстан Азия чемпионатында нешінші орында?
qazsporttv.kz

Иордания астанасы Амман қаласында өткен күрес түрлерінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Соңғы күнгі жүлделер

Еркін күрес балуандары жарыстың соңғы күнінде 3 жүлде жеңіп алды:

  • Нұрқожа Қайпанов – алтын (74 кг)  
  • Болат Сақаев – күміс (86 кг)  
  • Азамат Дәулетбеков – қола (92 кг)

Бұған дейін ұлттық құрама сапында  күміс медальмен Ризабек Айтмұхан, қола жүлдемен Рахат Қалжан көзге түскен болатын. 

Жалпы нәтиже

Мадияр Құрамысов баптайтын Қазақстан еркін күрес құрамасы Азия чемпионатын 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен аяқтап, жалпы есепте үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір