Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасындағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасалды

Редактор Penalty.kz
01.04.2025, 21:33

Қазақстандық әйелдер боксының басты тұлғалары — Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасындағы ықтимал жекпе-жекке қатысты Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков ресми пікір білдірді.

kursiv.kz
kursiv.kz

Федерация басшысы жекпе-жекке баға берді

“Балауса Мұздыман — болашағынан зор үміт күттіретін боксшы. Ол — агрессивті, техникалық жағынан мықты әрі психологиялық тұрақты спортшы. Әр жекпе-жекте өсу үстінде. Ал Лукасқа қарсы айқас — оның мансабындағы маңызды кезең болмақ. Бұл кездесу қазақстандық әйелдер боксы үшін тарихи сәтке айналуы мүмкін”, — деді Ерденбеков.

Қарсыласу — ішкі бәсеке ғана емес, халықаралық деңгейдегі оқиға

Федерация президентінің айтуынша, бұл жекпе-жек ел ішінде ғана емес, шетелдік аудитория арасында да қызығушылық тудыруы мүмкін. Ол боксшылар арасындағы келіссөздерге тікелей араласпайтынын айтты. Бірақ мұндай ірі айқасқа мұқият дайындық қажет екенін атап өтті.

“Қаржылық, техникалық және ұйымдастыру мәселелері — бәрі де нақты қарастырылуы тиіс. Егер екі тарап келісімге келсе, бұл — елдегі әйелдер боксы үшін үлкен серпіліс болмақ”, — деді ол.

Айқастың пайдасы — екі спортшы үшін де айқын

“Балауса үшін бұл өзін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік. Ал Ангелина үшін өз деңгейін тағы бір мәрте дәлелдейтін сәт. Мұндай жекпе-жектер спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Көрермендердің қызығушылығын оятады және әйелдер боксының дамуына жол ашады”, — деді Ерденбеков.

Айқасқа не түрткі болды?

Еске сала кетейік, Мұздыман мен Лукас арасындағы текетірес 2023 жылы VI жазғы Спартакиада аясындағы ширек финалдан кейін қыза түскен еді. 54 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Мұздыман жеңімпаз атанды. Бірақ Лукас қазылардың шешіміне қарсы наразылық білдіріп, жекпе-жектің әділ өтпегенін мәлімдеді. Бұл жанжал қос спортшының арасындағы ұзаққа созылған шиеленістің негізіне айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір