Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаевтың алдағы айқасына қатысты мәлімдеме жасалды

Сарапшы, спорт журналисі
03.04.2025, 14:40

Жуырда аталған жекпе-жектерге Азия чемпионатының қола жүлдегері Миржан Рахимжанов өз пікірін білдірді. 

NUR.KZ
NUR.KZ

5 сәуір күні Астанада өтетін кәсіби бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев шаршы алаңға шығады. Бұл жекпе-жектерге қатысты өз болжамын Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы әрі 2004 жылғы Олимпиадаға қатысушы Миржан Рахимжанов білдірді.

Зауырбек пен оңқай қарсылас

Миржан Рахимжановтың айтуынша, Сұлтан Зауырбектің қарсыласы — оңтүстікафрикалық Азинга Фузиле (18-2, 12 КО) — көпшілікке таныс емес. Дегенмен, қос боксшы да солақай болғандықтан, айқас қызықты өтеді.

«Сұлтан бұл жекпе-жекте жеңіске жетуі керек. Техникалық және тактикалық тұрғыдан басым түседі деп ойлаймын», – дейді сарапшы.

Жүкембаевтың қарсыласы – жұмбақ боксшы

Ал Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) британдық Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) кездеседі. Рахимжановтың айтуынша, бұл қарсылас – әзірге беймәлім есім.

«Гарднер кеше ашық жаттығуға шықпады. Бұл оның дайындығына күмән тудырады. Батырдың тәжірибесі мен шеберлігі жоғары. Мен қазақстандық боксшының уақытынан бұрын жеңіске жететініне сенемін», – дейді ол.

Бокс кешіне қызығушылық жоғары

Айта кетейік, бұл бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы да орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін қорғау үшін шаршы алаңға шығады. Сонымен қатар, Баходир Жалолов, Сабырхандар, Балауса Мұздыман және басқа да танымал боксшылар да өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір