
Өзбек боксшысы Астанадағы айқаста украиналық былғары қолғап шеберіне қарсы жұдырықтасқан болатын.
Астанадағы кәсіби бокс кешінде аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбек боксшысы Баходир Жалолов (15-0, 14 КО) украиналық Игорь Шевадзуцкиймен (12-3, 10 КО) қолғап түйістірді.
10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Бұл – кәсіби мансабында Жалоловтың қарсыласын нокаутқа жібере алмаған алғашқы кездесу болды. Дегенмен, үшінші раундта Шевадзуцкий нокдаунға түсті. Жалолов қарсыласын толығымен бақылауда ұстап, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Өз кезегінде, украиналық боксшы рингте жеңілгенімен, жанкүйерлердің көзайымына айналып, қолдауына ие болды.
Бұл жеңіс Баходир Жалолов үшін – 15-ші жеңіс, оның 14-і нокаутпен аяқталған. Ал Шевадзуцкий үшін – үшінші жеңіліс. Айта кетейік, Жалолов осы кездесуге дейін соңғы рет 2023 жылдың қарашасында рингке шыққан болатын.
Аталған бокс кешінің басты хедлайнері — қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен француз Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) арасындағы WBO және IBF әлем чемпионы атақтары үшін өтетін жекпе-жек.