Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қамшыбек Қоңқабаев: Баходир Жалоловпен кездесуге дайынмын (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 23:47

Қазақстандық спортшы алдағы уақытта кәсіпқой боксқа оралуы мүмкін екенін жасырмады. 

penalty.kz
penalty.kz

Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде танымал былғары қолғап шебері, екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев көрермен ретінде қатысып, журналистерге эксклюзивті пікірін білдірді. Ол бүгінгі жекпе-жектерге баға беріп, өзінің спорттық мансабы туралы ойларымен 1bol.kz сайтына берген сұхбатында бөлісті. 

«Барлық жекпе-жек өте қызықты өтіп жатыр»

«Бүгінгі жекпе-жектің барлығы қызық болып жатыр десем болады. Жаңағы ағайынды Махмұт бауырларымызға Сабырхан деген қазір баһадүрдің жекпе-жегі де өте қызықты болды. Украиндық боксшы соққыны өте жақсы қабылдай білді. Көтере біледі десем болады. Көрермендерге де қызық сияқты. Барлығы ұлап-шулап жатыр», – деді Қамшыбек.

Әуесқой бокс мансабын аяқтады, бірақ…

Боксшының айтуынша, ол Азия чемпионаты алдында Қайрат Сашановқа өзінің шешімін жеткізген.

«Мен Қайрат ағайға Азия чемпионаты алдында звондап, жастарға жол беремін деп, біраз уақыт демалатынымды айттым. Кейін сол мәлімдемемді негізге алып, бапкерім менің мансабымды аяқтадым деп сұхбат берді», – дейді ол.

Кәсіпқой боксқа оралуы мүмкін

Қамшыбек Қоңқабаев алдағы уақытта кәсіпқой боксқа оралуы мүмкін екенін де жасырмады.

«Негізі кәсіпқой боксқа қайта оралсам ба деген ой бар. Тіпті Баходир Жалоловпен жекпе-жек ұйымдастырып жатса, ойымда бар. Ондай кездесуге дайынмын», – деді спортшы.

Айта кетейік, бүгін өзбек боксшысы Баходир Жалолов Астанадағы айқаста украиналық былғары қолғап шеберіне қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір