Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Сұлтан Зауырбек қарсыласы жайлы: Мен бокстасуға келдім – ол қашып жүрді! (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.04.2025, 01:00

Қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жектен кейін маңызды мәлімдеме жасады. 

NUR.KZ
NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек Астанада өткен Battle of the Brave бокс кешінде жеңіске жетіп, кейін айқасқа қатысты ойымен бөлісті. Спортшы рингтегі қарсыласының қашқақтап, бокстасудан жалтарғанын ашық айтты.

«Қарсыласты алдын ала зерттедік. Бірақ рингке шыққан соң, оның бокс емес, жүгіруге дайындалып келгенін байқадым. Мен бұл шоуға бокстасуға келдім, ал ол қашумен болды», – деді Зауырбек.

Зауырбек сондай-ақ, жекпе-жекке келген көрермендер қолдауына алғысын білдірді. 

«Келген жанкүйерлерге мықты жекпе-жек көрсеткім келді. Көрсете алдым деп ойлаймын. Бұл шоу – мен үшін үлкен тәжірибе болды».

Жоспар – чемпиондық белбеу

Сұхбат барысында Заурбек келесі мақсаттары жайлы да бөлісті:

«Келесі кезең – IBF немесе WBA тұжырымы бойынша чемпионға міндетті қарсылас атану. Чемпиондық белбеуге жақындап келемін. Бұл – менің мақсатым», – деді боксшы.

Демалыс пен дайындық

Сонымен қатар, боксшы жекпе-жек арасындағы үзілістің тым қысқа болғанын да тілге тиек етті:

«Желтоқсанда ғана жекпе-жек өткіздім. Бұл жолы салмақты түсіру оңай болмады. Демалып үлгермедім. Қазір қалыпқа келіп алуым керек».

«Жаттығуға екі аптаның көлемінде қайта кірісем. Келесі айқасқа тыңғылықты дайындалам», – деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Сұлтан Зауырбек Астанадағы кеште қарсыласын төрешілер шешімімен жеңіп, өзінің кәсіби мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір