Батыр Жүкембаев: "Қазақ елінде жеңісті күндер көп болсын!"

Сарапшы, спорт журналисі

Кәсіби боксшы Батыр Жүкембаев Astana Fight Night кешінде жеңіске жеткеннен кейін жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Батыр Жүкембаев: "Қазақ елінде жеңісті күндер көп болсын!"
instagram/@nomadpromos

5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (24 жеңіс, 1 жеңіліс, 17 нокаут) британиялық Кейн Гарднермен (17 жеңіс, 5 жеңіліс, 7 нокаут) жұдырықтасты. Кездесу 12 раундқа созылып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен Жүкембаев жеңімпаз атанды.

Бұл жеңіс арқылы ол WBA Continental Gold тұжырымы бойынша бірінші жартылай жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белдікті иеленді.

Жекпе-жектен кейін Батыр Instagram парақшасында жүрекжарды жазбасын жариялап, қазақстандықтарға ризашылығын білдірді:

"Маған шын көңілмен жанкүйер болғандарыңыз үшін алғысым шексіз! Қазақ еліне жеңісті күндер көп болсын!" — деп жазды чемпион.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір