Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

WBC чемпионы Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келеді

Редактор Penalty.kz
07.04.2025, 04:29

Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Карлос Адамес келесі жекпе-жегін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы өткізгісі келетінін мәлімдеді. 

RunaSport
RunaSport

Карлос Адамес Жәнібекке қарсы шығуға дайын

"Командам егер Ширазды жеңсем, Жәнібекпен жекпе-жек аламын деген. Енді сол кездесуді күтіп жүрмін. Бұл – мен армандаған айқас. Осы жолы сол мүмкіндікке қол жеткіземін деп сенемін. Әлімханұлы – мықты боксшы. Бірақ мені жеңе алатындай дәрежеде емес деп ойлаймын", – деді Адамеске сілтеме жасаған Boxing Scene порталы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астанада өткен жекпе-жекте франциялық Анауэль Нгамисенгимен кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша ол WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Орта салмақтағы белді титулдардың иесі саналатын екі мықты боксшының арасындағы ықтимал жекпе-жек — жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр. Егер келіссөздер сәтті өтсе, жақын арада біз Адамес пен Әлімханұлы арасындағы тарихи кездесудің куәсі болуымыз мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 13
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір